ЕЛЕНА ПОТАПЕНКО: АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢНЕН СОҢ КӨШ БАСТАП, СОҢЫНА ДЕЙІН БАСЫМДЫҚТЫ САҚТАДЫҚ

ЕЛЕНА ПОТАПЕНКО: АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢНЕН СОҢ КӨШ БАСТАП, СОҢЫНА ДЕЙІН БАСЫМДЫҚТЫ САҚТАДЫҚ

ЕЛЕНА ПОТАПЕНКО: АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢНЕН СОҢ КӨШ БАСТАП, СОҢЫНА ДЕЙІН БАСЫМДЫҚТЫ САҚТАДЫҚ

Қазіргі  бессайыстан Астана қаласының спортшылары Анкарада (Түркия) өткен әлем кубогінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Біздің спортшылар аралас командалық сында үздік нәтиже көрсеткен. Аталған бәсекеде ел намысын елордалық Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко бақ сынады.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген Потапенко турнирді қысқаша қорытындылады.

«Турнир мен үшін оңай өткен жоқ. Эстафетаға дейін жекелей сында өнер көрсеткіндіктен,  шаршап қалыппын.

Десе де, біз алғашқы спорт түрі – семсерлесуден соң алға ұзап кеттік. Осы басымдықты соңына дейін ұстап тұрдық.

Бұл керемет жетістік арқылы біздің команда өз тарихында екінші рет әлем кубогінен алтын медаль алды. Өте қуаныштымын.

Жеке өзім семсерлесу мен жүзуден жақсымын. Ал жарыстың Еуропа елдерінде, аса қатты ылғалдылық жоқ жерде өткені ұнайды.

Айта кетейік, әрбір жеңіс үлкен сенім сыйлайды. Оның үстіне, Олимпиада қарсаңындағы қиын маусымда...

Алда Болгарияда өтетін әлем кубогі күтуде. Аталған жарыс мамырдың басына жоспарланған»,-деді Потапенко.

Айта кетелік, Елена Потапенко Риодағы (2016) және Токиодағы (2020)  Олимпиада ойындарында бақ сынады.