ТҮРКІ ӘЛЕМІ КӨЗ ТІККЕН КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫННЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІ ӘЛЕМІ КӨЗ ТІККЕН КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫННЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІ ӘЛЕМІ КӨЗ ТІККЕН КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫННЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Күні кеше Астана қаласында Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына енген бірқатар федерациялардың бір жылдағы жұмыс нәтижесі мен ұлттық спорттағы өзекті мәселелері мен жоспарлары талқыланды.

Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қауымдастықтың құрамындағы әр федерацияның жеткен жетістіктерін атап, ұлттық спортты дамытуға кедергі болып тұрған мәселелерге де тоқталды.

Сондай-ақ, жиын барысында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын (ДКО) дайындау және өткізу дирекциясының өкілдері Түркі әлемі көз тіккен көшпенділер ойынның дайындық барысы туралы баяндады.

Ойындарды өткізу үшін 8 нысан анықталып, қазіргі уақытта «Қазанат» ипподромында реконструкция, «Астана Арена» стадионы мен «Алау» мұз сарайында жөндеу жұмыстары басталып кетті. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін «Қазанат» ипподромы – бір уақытта 10 мың көрерменді қабылдай алады.

Бүгінде ДКО ұлттық спорт түрлерінен әлемдегі ең ірі жарыс болып табылады. Шамамен болжам бойынша, Астана қаласына 7 күнге созылатын жарыстарға 100-ден астам елден 3000-ға жуық қатысушы келеді деп күтілуде.