«KIDS RUN»: ЕЛОРДАДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРІС ӨТЕДІ

«KIDS RUN»: ЕЛОРДАДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРІС ӨТЕДІ

Астана күні қарсаңында елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған «KIDS

RUN» бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді. Жарыс «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы

аясында ұйымдастырылмақ.

Іс-шара 4 шілде күні қаланың Орталық саябағындағы шаңғы-роллер трассасында

өтеді. Оның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балалар арасында

бұқаралық спортты дамыту және жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты түрде

айналысуға ынталандыру.

Жүгіруге 6-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады.

Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 300 метр, 500 метр және 1 шақырым

қашықтықтарында бақ сынайды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қатысушылар саны 1000 адаммен шектеледі.

Осыған байланысты онлайн тіркелу 1 шілде күні сағат 09:00-де басталып,

белгіленген лимит толған сәтте автоматты түрде жабылады.

Жарыстың басталу уақыты – сағат 09:00. Тіркелген қатысушыларға арналған

білезіктер іс-шара өтетін күні таңғы сағат 07:00-ден 08:30-ға дейін таратылады.

Айта кетейік, «KIDS RUN» балалар арасында дене белсенділігін арттыруға, спорт

мәдениетін қалыптастыруға және белсенді өмір салтын дәріптеуге бағытталған.

Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Дене шынықтыру және

спорт басқармасы және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы

ұйымдастырып отыр.