Елордалық спортшы Азия чемпионы атанды

Елордалық спортшы Азия чемпионы атанды

Түркістанда байдарка мен каноэде есуден U18 және U23 жас санаттары, сондай-ақ параканоэден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған елордалық спортшы Азия чемпионы атанды.

Жарысқа 15 елден 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынап жатыр.

Құрлықтық доданың екінші күнінде Астана қаласының спортшысы Эвелина Костенко жоғары нәтиже көрсетіп, байдаркамен есуден U18 санатындағы қыздар арасында К1 200 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алды. Осылайша ел намысын қорғаған жерлесіміз өз санатында Азия чемпионы атанды.

Айта кетейік, аталған Азия чемпионаты 7 маусымға дейін жалғасады.