Нұрислам Бактубаев — Азия чемпионы!

Нұрислам Бактубаев — Азия чемпионы!

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында U15 санатында елордалық былғары қолғап шебері Нұрислам Бактубаев жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

55 келі салмақта өнер көрсеткен жас спортшы финалда өзбекстандық Бобурмирзо Муродовпен қолғап түйістіріп, жоғары деңгейдегі шеберлігін паш етті. Тартысты өткен ақтық сында Нұрислам қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Осылайша, астаналық боксшы Қазақстан қоржынына алтын медаль салып, ел мерейін үстем етті.