Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасында классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық турнирінің алғашқы жүріс рәсімі өтті.

Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасында классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық турнирінің алғашқы жүріс рәсімі өтті.

Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасында классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық турнирінің алғашқы жүріс рәсімі өтті.

Алғашқы жүрісті Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әбсеметова Алия Маратқызы және Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Тамшыбай Бекзат Сағатұлы жасады.

Биыл финал 2-12 мамыр аралығында Coventry University Kazakhstan алаңында өтіп жатыр. Жарыс екі санат бойынша ұйымдастырылған: Open (ашық) және Women (әйелдер). Әр топта 14 шахматшыдан бақ сынап, айналмалы жүйе бойынша 13 тур өткізіледі. Ойындар классикалық уақыт бақылауымен өтеді. Демек әр партияға 90 минут және әр жүріске қосымша 30 секунд беріледі.

Финалдық кезеңде елордалық спортшылар да бақ сынауда. Атап айтқанда: Қазбек Нөгербек, Айару Алтынбек, Меруерт Камалиденова, Амина Қайрбекова, Сауат Нұрғалиев, Ерғали Сүлеймен, Сатбек Ахмединов, Аланна Берікқызы

Чемпионаттың іріктеу жүйесі де қатаң. Регламентке сәйкес, 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік бестігі мен 2026 жылғы чемпионаттың жартылай финалының үш жеңімпазы 14 финалистің қатарына тікелей енді. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі (U18) және 20 жасқа дейінгі (U20) жасөспірімдер чемпиондарының екі жеңімпазы да финалға жолдама алды. Қалған орындар Қазақстан шахмат федерациясының номинанттарына беріліп, оларды жаттықтырушылар кеңесінің ұсынысымен федерация президиумы бекітті.

Алдағы он күнде елдің ең үздік шахматшылары өзара кім мықтыны анықтайды.

Сонымен қатар бұл чемпионат ұлттық құрамаға іріктеудің маңызды кезеңі саналады. Жеңімпаздар Қазақстан атынан халықаралық жарыстарда, соның ішінде Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.