БЖСМ жаттықтырушыларына жаттықтырушы-оқытушы шеберлігінің біліктілігі үшін жалақыға қосымша ақы алуға қалай өтінім беру керек?

БЖСМ жаттықтырушыларына жаттықтырушы-оқытушы шеберлігінің біліктілігі үшін жалақыға қосымша ақы алуға қалай өтінім беру керек?

ҚР Туризм және спорт министрлігі жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік үшін қосымша ақы алу тәртібін түсіндірді.

Үстемақы кімдерге беріледі?

Біліктілікті арттыру курстарынан өткен
Біліктілік тестін сәтті тапсырған
Оқу-жаттығу процесін ұлттық спорттық дайындық стандарттарына сәйкес жүргізетін мамандарға. Қамтылатын ұйымдар:

— Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ)

— Мамандандырылған БЖСМ

— Олимпиадалық резерв мектептері

Маңызды:

Біліктілікті арттыру 5 жылда 1 рет өткізіледі. 

Өтінім оқу басталғанға дейін кемінде 14 күн бұрын берілуі тиіс. 

 

Оқу аяқталғаннан кейін:

— электрондық форматта тестілеу өткізіледі

— біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі

— біліктілік тестінен өткені туралы сертификат табысталады

— құжаттарды жұмыс орнына тапсыру қажет

 

Өтінім электрондық лицензиялау порталы арқылы онлайн қабылданады.