БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЕЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫЛАРДЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЕЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫЛАРДЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың жеке бапкерлерін қабылдады.

Кездесуге бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұржан Насанов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Астана қаласы әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Марат Манашев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ағайынды Оралбайлардың жеке бапкері Асқар Еркебаев, 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем және Азия чемпионы Нұрбек Оралбай, әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы Айбек Оралбай және әлем чемпионы Валентина Хальзова қатысты.

Басқарма басшысы былғары қолғап шеберлерін Азия чемпионатындағы жетістіктерімен құттықтап, бұл жетістік спортшылардың тынымсыз еңбегі мен бапкерлердің жүйелі жұмысының нәтижесі екенін атап өтті. Сондай-ақ, спортшылар мен олардың бапкерлеріне алғысын білдірді.

Кездесу барысында спортшылар мен жаттықтырушылардың ұсыныстары тыңдалып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындық жоспарлары талқыланды.

Айта кетейік, Азия чемпионатында елордалық боксшылар жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына 2 алтын және 1 қола медаль салды.