Run for Autism: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтеді

Run for Autism: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтеді

Астана қаласындағы Ботаникалық бақта аутизм туралы ақпараттандыру айына орай қайырымдылық жүгіру жарысы өтеді.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін іс-шара 26 сәуір күні ұйымдастырылады, басталу уақыты – 08:00. Жиналған қаражат аутизмі бар жасөспірімдер мен ересектерді кәсіби оқытуға, құрал-жабдықтар алуға және «Bolashak Charity» қорының Құзыреттілік орталығында білім беру гранттарын ұсынуға бағытталады.

Жүгіру жарысы менталдық денсаулық тақырыбына арналады, яғни аутизм, депрессия, мазасыздық және басқа да менталдық жағдайлары бар адамдарды қолдауға бағытталған.
Қашықтықтар: 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км. Тіркелу: www.runforautism.kz

Бағдарламада: түрлі қашықтықтағы жүгірулер, ерекше балаларға арналған эстафета және серіктестерден сыйлықтар ұтысы.

Жүлде қорында 20-ға жуық сыйлық бар, оның ішінде: 1 тонна бензин, смартфон, 5 жұлдызды қонақ үйлерге сертификаттар, кофе мен йогурт қоры, тау велосипеді және басқа да сыйлықтар.

Run for Autism 2026 жүгіру жарысы Астана қаласы әкімдігінің, сондай-ақ серіктестер мен демеушілердің қолдауымен өтеді.