
Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.
Астана қаласының спортшысы, Әлем чемпионы, 75 келідегі Валентина Хальзова 1/2 финалда Қытайдың тағы бір боксшысы Зи Баомен жұдырықтасты.
Тәжірибелі отандасымыз қашықтықта жұмыс істеп, қарсыласының әр шабуылын толықтай бақылау алуға тырысты. Ал Қытай боксшысы 3 раунд бойы тоқтаусыз шабуылда болды. Нәтижесінде төрешілер 3:1 есебімен жеңісті Зи Баоға берді.