Астанада теннистен әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді: Қазақстан мен Канада құрамалары бақ сынайды

Астанада теннистен әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді: Қазақстан мен Канада құрамалары бақ сынайды

2026 жылғы 10-11 сәуір күндері елордадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығының корттарында әйелдер арасындағы әлемдік командалық чемпионат – Billie Jean King Cup аясында тартысты бәсеке күтіп тұр. Қазақстан ұлттық құрамасы турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алу үшін Канада командасымен кездеседі.

Қазақстан ұлттық құрамасы

Турнирдің маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан теннис федерациясы ел намысын қорғайтын ойыншылардың тізімін бекітті. Құрама сапында тәжірибелі көшбасшылар мен болашағынан зор үміт күттіретін жас таланттар бар:

- Анна Данилина (жұптық сында №4 WTA);

- Юлия Путинцева (№76 WTA);

- Жібек Құламбаева (жұптық сында №178 WTA);

- Аружан Сағандықова (№871 WTA);

- Соня Жиенбаева (№1018 WTA).

Канада құрамасы

Канада (BJKC рейтингінде 4-орын) – 2023 жылғы турнир жеңімпазы және биылғы доданың басты фавориттерінің бірі. Солтүстікамерикалық ұжым Астанаға мынадай құраммен келеді:

- Виктория Мбоко (№10 WTA);

- Габриэла Дабровски (жұптық сында №2 WTA);

- Марина Стакусич (№130 WTA);

- Бьянка Андрееску (№165 WTA);

- Кайла Кросс (№194 WTA).

Осы текетіресте жеңіске жеткен команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Федерация барлық жанкүйерлерді «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығына келіп, ұлттық құрамаға қолдау көрсетуге шақырады!