
Астанада жақын және алыс шетелдерден келген 1000-нан астам спортшының басын қосатын «ALEM CUP» халықаралық көркем гимнастика турнирлерінің ауқымды сериясы өтеді.
Іс-шара жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге толық сәйкес келетін Qazaqstan Athletics спорт кешенінің базасында ұйымдастырылады.
Турнирлер сериясы мына тәртіппен өтеді:
«FIG ALEM CUP» – Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) ресми лицензиясы бар спортшылар бақ сынайтын халықаралық деңгейдегі турнир. Жарыс ұлттық құрамалардың үздік өкілдерін біріктіріп, спорттық дипломатия мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаң саналады. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 8 наурызда өтеді.
Турнирлер сериясы Туризм және спорт министрлігінің, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Қазақстанның Ұлттық гимнастика федерациясының және қалалық гимнастика түрлері федерациясының қолдауымен өтеді.
«ALEM CUP» турнирлер сериясы – көркем гимнастиканы дамытуға және Қазақстанның халықаралық жарыстар орталығы ретіндегі имиджін нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық спорттық іс-шара.