
Күйші Дина, 36 а мекенжайы бойынша орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Спорттық медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс
«Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Астана қаласының Спорттық медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілетін орны:
«Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 33, 400 кабинет, анықтама телефондары, 8 (7172) 55-75-69, 8 (7172) 55-75-63, электрондық поштаның мекенжайы ns_sport@astana.kz
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарға дәрігерлік бақылауды және динамикалық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Жалпы медицина» немесе «Емдеу ісі» немесе «Педиатрия» немесе «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша денсаулық сақтау;
Денсаулық сақтау немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшы лауазымдарда кемінде бес жыл, спорттық медицина саласында кемінде бес жыл, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін бес жыл емес, денсаулық сақтау немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін, және «Жалпы медицина» немесе «Бизнес, басқару және құқық» мамандығы бойынша «Денсаулық сақтау» кадрларын даярлау бағыты бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін.
Лауазымдық міндеттері:
ұйымның өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық жұмысын басшылыққа алады;
спортшыларды уақтылы және сапалы медициналық-биологиялық және дәрілік қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін спорттық медицинаны дамытуға бағыттайды;
спорттық дәрігерлердің, профильді мамандардың, массаж жасаушылардың және орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді, спорттық медицина саласында шетелдік тәжірибені зерттейді;
оның міндетіне жүктелген қаржылық, экономикалық, әкімшілік- шаруашылық сұрақтарын шешеді, қызметкерлерге – орынбасарларға, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына берілген жұмыстарды орындауға тапсырады, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, ауыстыру, қолдау сұрақтарын шешуге жауапкершілікке алады;
ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
спортшыларды уақтылы және сапалы медициналық және фармакологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
көрсетілетін профилактикалық және емдік-диагностикалық көмектің жоғары сапасын қамтамасыз етеді;
сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады;
спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; Үкіметтің № 1193 қаулысы; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілер; спорттық медицина; дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе, заманауи ақпараттық технологиялар; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде 1-қосымшаға сәйкес www.e-qazyna.kz тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн www.e-qazyna.kz тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
|
|
Мемлекеттік кәсіпорынның |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
Конкурсқа қатысуға өтініш
Мені, ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________________________________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
кәсіпорнының басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Менің дербес деректерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан жинауға және өңдеуге өз келісімімді білдіремін.
Ұсынылған құжаттардың анықтығын растаймын және көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік аламын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен-жай _______________________________________________________
Байланыс телефондары ______________________________________________
e-mail: ____________________________________________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________
_________ _________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы «____» _______________