Елордада қысқы спорт түрлерінің дамуы қарқын алуда

Елордада қысқы спорт түрлерінің дамуы қарқын алуда

Елорда қысқы спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Жоғары жетістіктерге жететін спортты дамыту аясында, атап айтқанда қысқы спорт түрлерін дамытуға қолайлы климаттық жағдайларды ескере отырып, қала спорт нысандарын жаңарту мен мамандандырылған секциялар желісін кеңейтуді жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Негізгі қадамдардың бірі – қысқы спорт түрлеріне арналған біріккен мектеп құру туралы шешім болды. Мұндай құрылым бірнеше спорт бағыттарын бір басқару астында біріктіруге мүмкіндік береді, бұл спортшыларды бастапқы деңгейден ұлттық құрамаларға дейін дайындау тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Мектептің басты мақсаттары:
• қысқы спорт түрлері бойынша бір орталық дайындау орталығын құру;
• кадрлық, қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды шоғырландыру;
• оқу-тренажерлік процесінің сапасын арттыру және спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту;
• мекемелер құрылымын қысқы олимпиадалық спорт түрлерін дамыту басымдықтарына сәйкес келтіру.

Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін Орталық саябақ аумағында заманауи шаңғы базасы салынады. Жаңа кешенде әртүрлі қиындықтағы шаңғы жолдары, жылы киім ауыстыру бөлмелері, спорттық жабдықтарды дайындау бөлмелері және жаттықтырушыларға арналған арнайы бөлмелер қарастырылған. Сонымен қатар, «Қазақстан» спорт сарайын салу басталды, бұл қысқы спортпен айналысу үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз етеді.

Ең маңыздысы, енгізіліп жатқан өзгерістер кадрлық құрамның қысқаруына әкелмейді: барлық жаттықтырушылар өз орындарын сақтайды, балалармен жұмысын жалғастырады, оқу- жаттығу жиыны бұрынғы көлемде жүргізіледі.

Ата-аналар үшін алаңдауға себеп жоқ: оқу шарттары нашарламайды, кесте мен бағдарламалар қолжетімді болып қалады, ал қысқы спорт түрлерін бір мектепте біріктіру жас спортшылардың дайындық сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Біріккен мектеп құру жас спортшылардың дайындық сапасын жақсартуға және астанада қысқы спорт түрлерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.