Елорда параспортшылары ҚР чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Елорда параспортшылары ҚР чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан «Титан» ат-спорт сауықтыру кешенінде ат спортының паралимпиадалық бағыты – выездкадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарысқа Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынан және елордадан келген мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар «Бастапқы выездка», «Жеке бағдарлама» және «Кюр» (еркін стиль) сайыстарында бақ сынады.

Чемпионат қорытындысында елорда спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бес жүлдені еншіледі:
• Біләл Ахмад — 1 орын
• Елюбай Әділ — 1 орын
• Абжанов Анвар — 2 орын
• Дауылбаев Арнұр — 2 орын
• Ералы Томирис — 3 орын