2025 жылғы 14 қыркүйекте Prestige Horse Club аумағында «Prestige Кубогы» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған конкур жарыстары және мерекелік шоу өтеді. Ат спорты мен сұлулықты ұштастырған бұл шара көрермендерге ерекше әсер сыйлайды.
Жарысқа 12 жастан 16 жасқа дейінгі жас спортшылар қатысып, 110 см. биіктіктегі кедергілерді еңсеру бойынша сынға түседі. Іс-шара Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) ресми ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жүлде қоры – 1 500 000 теңге.
Көрермендерді қызықты шоу бағдарлама күтеді:
-мерекелік ашылу рәсімі;
-джигитовка және сирек кездесетін жылқы тұқымдарымен таныстыру;
-спортшылардың өнері;
-этно-әуен.
Жас спортшыларды қолдап, шеберлік пен сұлулықтың ұштасқан ерекше атмосферасын сезініңіз!
Іс-шараға кіру тегін.
Басталуы: сағат 15:30
Өтетін орны: Prestige Horse Club, Астана–Қарағанды тас жолы, 82/1.