Астана қаласының №8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері мен ата-аналар, бапкерлер құрамы республикалық «Таза Қазақстан» акциясына үлестерін қосты.
Қатысушылар мектеп аумағында 30-дан астам қарағай көшетін отырғызды.
Акцияның мақсаты – елордадағы экологиялық жағдайды жақсартып, көгалдандыруға атсалысу.
«Мектебіміз тек балаларды салауатты өмір салтына ғана баулып қана қоймай, олардың бойына жақсы әдетті де сіңіруге тырысады. Мысалы, бүгін оқушылар өздерінің жаттығатын жерлерінде үлкендермен бірлесіп, 30-дан астам қарағай көшетін отырғызды. Осы орайда бұл біздің алғашқы акциямыз емес екенін айта кетейік. Бұған дейін де мектеп ауласында гүлдер отырғызылған еді. Бұл айналамыздың тазалығы мен көрікті болуына үлес қосады», – деді Астана қаласының №8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің аға бапкері Сергей Червоный.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы 2024 жылдың 8 сәуірінде басталған болатын.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan