Астанада балаларға арналған инклюзивті спорттық фестиваль өтеді

Астанада балаларға арналған инклюзивті спорттық фестиваль өтеді

Астанада балаларға арналған инклюзивті спорттық фестиваль өтеді

Елордада 26 маусым күні жыл сайын өтетін инклюзивті спорттық фестиваль – «Children Paralympic Games 2025» басталады.

2025 жылдың 26-28 маусымы аралығында Астанада «CHILDREN PARALYMPIC GAMES 2025» инклюзивті спорттық фестивалі өтеді. Фестиваль «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырылады.

Фестивальдің мақсаты – «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ бейімделген спорттық секцияларының тәрбиеленушілері – мүгедектігі бар балалар мен жастардың дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға мотивациясын арттыру, әлеуметтік белсенділікті, сенімділік пен өзара құрметті нығайту, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар мен олардың құрдастары арасындағы достық қарым-қатынастарды орнату мақсатында инклюзивті спорттық-мәдени іс-шараларды өткізу.

Фестивальге мүгедектігі бар 400-ге жуық спортшы қатысады. Олар – 20 қаладағы «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ спорттық секцияларының тәрбиеленушілері, аймақтық ашық іріктеу жарыстарының жеңімпаздары, 1-орын алған балалар мен жастар.

Фестиваль бағдарламасына «Инклюзивті хореография» үйірмесінің тәрбиеленушілері арасындағы би конкурсы мен 9 спорт түрі бойынша жарыстар кіреді:
• Адаптивті жүзу;
• Адаптивті каратэ;
• Адаптивті таэквондо;
• Адаптивті футбол;
• Бочча;
• Адаптивті жеңіл атлетика;
• ЦП футболы;
• Адаптивті пионербол;
• Настольный теннис.

Инклюзивті спорттық фестивальдің ашылу салтанаты 2025 жылдың 26 маусымында, сағат 10:00-де «Жастар» сарайында өтеді.