ГРЕК-РИМ, ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГЫ – 2025

ГРЕК-РИМ, ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГЫ – 2025

ГРЕК-РИМ, ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГЫ – 2025

2025 жылдың 24–30 мамыр аралығында Астана қаласында, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде (Тұран даңғылы, 59) ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді.

Кубокқа еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалаларынан 1000-ға жуық балуан қатысады. Биылғы жылы турнирдің басты мақсаты – алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын ұлттық құрама командалардың негізгі құрамын жасақтау болғандықтан, бұл жарысқа халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген танымал спортшылар да қатысады.

24 мамыр күні сағат 10:00-де «Qazaqstan» спорт кешенінде бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі сол күні сағат 17:30-да басталады. Алғашқы күні боз кілемге еркін күрес балуандары шығады. Кубоктың бағдарламасы қоса беріледі.

Кубоктың ұйымдастырушылары:
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Астана қаласының әкімдігі.