Астанада 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өтеді.

Астанада 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өтеді.

Шеруге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылды.

Әскери шеру және мерекелік концерттер тікелей эфирде сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандарда көрсетіледі:

  1. Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);
  2. «Астана Арена» стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт);
  3. «Astana Music Hall» автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция).

Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.

Мына жайттарға назар аудару қажет:

* Шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі.

* Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлауды және өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

* Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз.

* Көрсетілген учаскелерден өту және жол жүру барлық іс-шара аяқталғаннан кейін қайта жанданады.