"Астана бас жоспары" ҒЗИ" ЖШС-де халықаралық семинар өтті

"Астана бас жоспары" ҒЗИ" ЖШС-де халықаралық семинар өтті

"Астана Бас жоспары" ҒЗИ" ЖШС-де Астана қаласының тұрақты даму мәселелеріне арналған халықаралық семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – озық халықаралық тәжірибені зерделей отырып, елорданың одан әрі дамуында үздік шешімдерді қолдануға арналған ұсыныстар әзірлеу. Семинарға сәулет, қала құрылысы және урбанистика салаларындағы жетекші шетелдік және отандық сарапшылар қатысты.

Спикерлер қатарында:

Чарльз Фу — Лондон (Ұлыбритания) қаласындағы Ауылшаруашылық дақылдары басқармасының бас директоры,

Шарбель Аун — NVIDIA компаниясының ақылды қалалар мен кеңістіктер департаментінің директоры (Дубай, БАӘ),

Марк Уитби — Райан Сандерс (RYAN SAUNDERS) директоры, Whitby Wood Group (Лондон, Ұлыбритания) компаниясының аға құрылыс инженері,

Ферхат Карача — Назарбаев Университетінің Инженерлік мектебінің доценті.

Семинар барысында қалалардың тұрақты дамуын жоспарлау тәсілдері, қалалық басқаруды трансформациялаудағы жасанды интеллекттің рөлі, урбанизацияның Астанадағы нөсер кәріз жүйесіне әсері және цифрлық шешімдерді қалалық ландшафтқа интеграциялау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылымға ерекше назар аударылды.

Семинарға қатысушылар кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қалалық ортаны жаңғырту бойынша өз идеялары мен бастамаларын ұсынды. Сондай-ақ сарапшыларға қазіргі заманғы экологиялық және технологиялық сын-тегеуріндер жағдайында елорданың даму перспективаларына қатысты өзекті сұрақтар қойылды.