«Астана – Жарнама» КММ қызметкерлеріне дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Астана – Жарнама» КММ қызметкерлеріне дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласының Дін істері басқармасына қарасты «Қамқор Астана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Астана – Жарнама» КММ қызметкерлеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыру, олардың радикалды және деструктивті ағымдарға қарсы тұру қабілетін нығайту, сондай-ақ еліміздегі зайырлы құндылықтарды түсіндіру болды.

Қоғамдық қордың лекторы Арулан Қуатов Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуындағы діннің рөлі мен маңызына тоқталды. Ол зайырлылық қағидасының мәнін ашып, оның теократия мен атеизмнен айырмашылығын нақты мысалдармен түсіндірді.

Сондай-ақ, спикер деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктерін, оларды тану жолдарын және олардан сақтанудың тетіктерін атап өтті. Мұндай ағымдардың қоғамға және мемлекет дамуына төндіретін қауіп-қатері жан-жақты баяндалды.

Іс-шара барысында діни алауыздықты қоздыру, экстремизм мен терроризмді насихаттау әрекеттерінің заңмен қатаң реттелетіні, сондай-ақ бұл әрекеттерге жол берілмейтіні туралы да кеңінен ақпарат берілді.

Бұл кездесудің нәтижесінде қатысушылар зайырлылықтың маңызын тереңірек түсініп, дін саласындағы қауіп-қатерлер туралы қосымша білім алды. Іс-шара қызметкерлердің рухани иммунитетін арттыруға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.