Елорданың дамуына жеке инвестициялар тарту

Елорданың дамуына жеке инвестициялар тарту

Жеке инвестицияларды тарту – елорданың тұрақты экономикалық өсуінің негізгі бағыттарының бірі. 2024 жылы қала экономикасына шамамен 2 триллион теңге көлемінде инвестиция тартылып, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен жоғары болды.

Жаңа инвестициялық жобалар

Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысында инвесторлардың бірқатар перспективалы жобалары қаралды. Негізгі бастамалардың қатарында мынадай зауыттардың құрылысы бар:

  • металл құрылымдарын өндіру және теміржол көлігін сервистік қызмет көрсету зауыты;

  • жиһаз өндіретін өндірістік кешен;

  • медициналық қолғаптар шығаратын зауыт.

Сондай-ақ мынадай әлеуметтік және өндірістік нысандардың құрылысы қарастырылды:

  • А+ санатындағы көлік-логистика орталығы;

  • 460 орындық балабақша;

  • тыңайтқыштар мен пестицидтер шығаратын агрохимиялық кешен.

Агрохимиялық жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 1500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Инвесторларды қолдау

Өңірлік инвестициялық штаб отырыстары тұрақты түрде өткізіледі. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты басқармаларға инвесторлармен тығыз өзара іс-қимыл орнатып, жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсету тапсырылды.