Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов ұжымға Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Ол аталмыш басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған Алтынбек Ахметов болды.

Алтынбек Жанатұлы - Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «Қалалық кадастр» мамандығы бойынша (2006 ж.),  Торайғыров университетін «Сәулет» мамандығы бойынша бітірген (2023 ж.).

Мансап

  • Еңбек жолын "Астанагорархитектура" ЖШС топогеодезия бөлімінің техник-геодезисті қызметінен бастады, Астана қаласы / 2005 ж;
  • "АстанагорНПЦзем" ЕМК технигі Астана қаласы / 2006 ж;
  • "Астана қаласы жер қатынастары басқармасы" Жер кадастры бөлімінің бас маманы, басшысы, / 2007-2013 жж;
  • "Астана қаласы жер қатынастары басқармасы" басшысының орынбасары,/2013-2015 жж;
  • "Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының" басшысы, /2016-2019 жж.

2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Астана  қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.

Нұрлан Жаңбыршыұлы жаңа басшыға сәттілік тілеп, елорданың сәулет саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.