«Maybalyk Estate Эко-туристік қалашығы» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылаулар өтеді

«Maybalyk Estate Эко-туристік қалашығы» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылаулар өтеді

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі және  «Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері 2023 жылғы 18 қазанда сағат  11:00-13:00-ден бастап Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтетін Майбалық көлінің солтүстігіндегі «Maybalyk Estate Эко-туристік қалашығы» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Дәлелді пікірлер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей n.galymzhan@astana.kz электрондық поштаға немесе қолма-қол Астана қаласы, А.Мамбетов көшесі, 24 үй мекенжайы бойынша арналған жәшік арқылы жіберуге болады.