Құрметті Астана қаласы мен Ақмола облысының тұрғындары!
«Агломерацияларды дамыту туралы» 2023 жылғы 1 қаңтардағы № 181-VII заңға сәйкес бірқатар нормативтік-құқықтық актілер: Үкіметтің «Агломерациялардың тізбесі мен құрамын бекіту туралы» 2023 жылғы 19 маусымдағы қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік органдардың құзыретін, барлық деңгейдегі жұмысты реттейтін бұйрықтары қабылданды.
Аталған жұмыс аясында ағымдағы жылдың 29 наурызында Астана қаласы мен Ақмола облысы әкімдіктерінің бірлескен қаулысымен Астана агломерациясының жергілікті кеңесі құрылды.
Астана агломерациясының құрамына 2 қала: Астана –агломерация өзегі және облыстық маңызы бар қала статусына ие – Қосшы қаласы және 45 ауылдық елді-мекен (бұдан әрі - АЕМ): 12 АЕМ Аршалы ауданы, 30 АЕМ Целиноград ауданы және 3 АЕМ – Шортанды ауданы кірді (тізім қоса ұсынылады).
Бұған қоса Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 11 шілдедегі тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың соңына дейін жоғарыда көрсетілген 47 елді мекен құрамында 2029 жылға дейін астана агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу қажет.
2023 жылғы 1 тамызда Астана агломерациясының жергілікті кеңесінің (бұдан әрі – ААЖК) бірінші отырысы өтті. Аталған отырыста «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС тұлғасында ААЖК Хатшылығы белгіленді.
Жоғарыда айтылғанның негізінде,сондай-ақ «Агломерацияларды дамыту туралы» ҚР заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес 2029 жылға дейін Астана агломерациясын дамытудың кешенді жоспарына енгізу үшін жеке және заңды тұлғалардан ұсыныстар жинауды ЖАРИЯЛАЙМЫЗ.
Байланыс телефоны: 8(717 2) 47 20 63, ішкі 2117