«EU Beach Clean Up» Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы және «Жасыл Астана» күзгі экологиялық айлығы аясында елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысты. Шевченко көшесі 10/2 үйінің ауданындағы бос орынның бекітілген учаскесінде жазғы кезеңнен кейін қоқыстарды жинау, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жұмыстары жүргізілді