«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялауда

«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялауда

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесуді «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілдері ішінен конкурстық комиссия Астана қаласы, Ә.Мәмбетов көшесі, 24 мекенжайы бойынша орналасқан мекеме ғимаратында (анықтама үшін телефон 55-69-61, 55-47-57) (құжаттарды қабылдау мерзімі 15 күнтізбелік күннен тұрады, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі) құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күннің ішінде жүргізеді.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 190 132 теңгеден 230 614 теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Лауазымдық міндеттері:

  1. Өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне заңнамаға сәйкес қабылданатын шешімдеріне толық жауапкершілікті ала отырып, әлеуметтік бейімдеу Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» КММ-де мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуын жүзеге асыруымен басшылық етеді.
  2. Астана қаласының бірыңғай сәулет-көркемдік бейнесін іске асыруды, Астана қаласының сәулет-көркемдік бейнесін мониторингілеуді, деректер базасын жүргізуді және Астана қаласының сыртқы (көрнекі) безендірілуіне мониторингті жүзеге асырады.
  3. Қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның балансындағы ұйым мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз етеді.
  4. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
  5. Кадрларды жұмысқа қабылдауды, іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін айқындайды.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы; Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі; «Жарнама туралы»; «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»; Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары, Астана қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру қағидалары, Өрт қауіпсіздігі қағидалары, сәулет және қала құрылысы саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.

         Біліктілігіне қойылатын талаптар:

         Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (экономика және / немесе қаржы және/немесе құқықтану және / немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); өнер және гуманитарлық ғылымдар (дизайн); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет және / немесе құрылыс және / немесе кадастр); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (жерге орналастыру) ұйымның бейініне сәйкес Экономикалық қызмет түріндегі басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, «іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімнің болуы жөн.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (07.02.2023ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтамасы.

Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т.б.).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (интернет-ресурста, БАҚ-да, конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептелетін) 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша: «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ, Астана қаласы, Ә.Мәмбетов көшесі, 24,  «Аффари» БО, 9 қабат, 906 кабинетке тапсырылуы қажет.

Ескерту:

Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.

Анықтама үшін телефондар: 55-69-61, 55-47-57, g.tursumbaeva@astana.kz электрондық пошта

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.07.2023-11.08.2023

Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады