«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында азаматтарды жеке қабылдау

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында азаматтарды жеке қабылдау

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов Астана қаласы прокурорының көмекшісі Азамат Казбековпен бірлесіп, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды жеке қабылдады.

Жеке қабылдау барысында тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін заңдастыру, жер учаскесін жалдау шартын ұзарту және басқа да мәселелер қаралды.

Тұрғындардың бірі негізгі құрылысқа қосымша болып табылатын жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесі бойынша жүгінді. Аталған жер учаскесінің нысаналы мақсаты – тұрғын үйді күтіп-ұстау.

Сонымен қатар, жеке қабылдау барысында қонақ үй салуға берілген жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту мәселесі қаралды. Алтынбек Ахметов жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту үшін объектіні пайдалануға беру актісінің болуы қажеттігін түсіндірді. Қонақ үйді пайдалануға қабылдау актісін алу тәртібі жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) объектісін пайдалануға беру тәртібінен ерекшеленеді. Бірінші жағдайда жобада көзделген қажетті инженерлік коммуникацияларға қосылғанын растайтын тиісті мекемелерден декларациялар алу қажет.

Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Жеке қабылдауға өз мәселеңізге қатысты қолда бар құқық белгілейтін құжаттармен келулеріңізді сұраймыз. Құжаттардың болуы сіздің жағдайыңыз бойынша толық әрі нақты түсіндірме беруге мүмкіндік береді