Байқоңыр ауданындағы реновация бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Байқоңыр ауданындағы реновация бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-де Байқоңыр ауданындағы реновация бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша құрылыс компанияларының өкілдерімен кеңес өтті.

Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуге Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының және «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында инвесторлар атқарылған жұмыстар мен алдағы құрылыс жоспарлары туралы баяндады. Олардың айтуынша, негізгі күрделі мәселелердің бірі – тұрғындармен өзара түсіністікке қол жеткізу. Нысандарды сүру үшін сұралатын жоғары сомалар жекелеген учаскелердегі құрылыс жұмыстарын жеделдетуге кедергі келтіруде.

Кеңес қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер бойынша Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес жұмысты тұрақты түрде жалғастыру туралы шешім қабылданды.

2024 жылдан бастап Астана қаласының «Байқоңыр» ауданында қалалық инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, жолдар мен әлеуметтік нысандар салуға бағытталған реновация бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаны іске асыру тозығы жеткен және ескірген тұрғын үй қорына қатысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.