«Е-өтініш» МАЖ жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-тренинг

«Е-өтініш» МАЖ жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-тренинг

«Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтында «Е-өтініш» мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті.

Семинарға Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының және Институттың қызметкерлері қатысты.

Астана қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет департаментінің ресми өкілі Болат Беремқұлов «Е-өтініш» жүйесіндегі өтініштердің түрлері, сондай-ақ оларға дұрыс жауап беру тәртібі туралы айтып берді.

Сонымен қатар, ол әр өтінішті мұқият қарап, оның мазмұнына қарай тиісті мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарға құзыретіне сәйкес жіберу қажеттілігіне тоқталды. Бұл өтініштерді уақтылы қарастырып, белгіленген мерзімде жауап беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құзыретіне қарай өтінішті қайта жіберу 3 жұмыс күні ішінде, өтініш 15 жұмыс күні, ал шағым 20 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Тренинг барысында Болат Беремқұлов мемлекетік және квазимемлекеттік қызметкерлердің қызмет қағидаттарын, сондай-ақ сақталуы тиіс талаптарды түсіндірді.

Іс-шара диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Департаменттің ресми өкілінен тиісті жауаптар алды.