Астана қаласының аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы мақсаты үшін жер учаскесін беру бойынша 2006 жылдан 2022 жыл аралығында 247 795 өтініш қабылданды.
Дегенмен жер учаскесін беру 2006 жылғы мамыр айынан бастап тоқтатылды.
Бұл үшінші тұлғалардың құқықтарымен және өзге де шектеулермен ауыртпалық салынбаған бос жер массивтерінің, сондай-ақ беруге дайындалған жер учаскелерінің болмауына байланысты.
Қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне деген сұраныс қала құрылыс құжатымен қарастырылған мүмкіндіктерден асып түседі. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа аумақтарды дамыту сәйкесінше қаланы дамытуды жоспарлау үшін маңызды фактор болып табылатын инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды қалыптастыру қажет. Ал бұл жұмыстар елеулі қаржы шығындарын талап етеді.
Мемлекет басшысының тапсырысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 697 қаулысымен Астананың 2035 жылға дейінгі перспективалық даму Бас жоспары бекітілді (2026 жылғы 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді).
Бекітілген қала құрылысы құжаттарын, жер ресурстарының шектеулігін және қала инфрақұрылымын кешенді дамыту қажеттілігін ескере отырып жеке тұрғын үй құрылысы үшін Астана қаласынан жаңа жер учаскелерін беру қазіргі уақытта қарастырылмаған.
Тұрғындардың елорданы дамыту мәселелеріне қызығушылық пен түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреміз.