
Бүгінгі қабылдау барысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру, жеке тұрғын үйлердің жер учаскелерін жалдау мерзімін ұзарту мәселелері қаралды, сондай-ақ азаматтар тұрғылықты аудандарының одан әрі перспективалық дамуына қатысты сұрақтармен жүгінді.
Басқарма басшысы қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілмейтіндігін түсіндірді. Оған қажетті инженерлік және коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің жоқтығы себеп.
Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту үшін жалдау шартының қолданыста болуы қажет.
Аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні.
Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылуы тиіс:
Жалдау шартының мерзімі өтіп кеткен жағдайда жер учаскесі Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЕГКН) арқылы бастапқы беру тәртібімен рәсімделеді. Аталған қызметті көрсету мерзімі – 30 жұмыс күн.
Басқарма басшысының қабылдауына алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады. Қабылдау әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізіледі.