Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов жеке қабылдау өткізді.

Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау барысында ғимараттарды реконструкциялау, тұрғын үй кешендерін салу және жарнамалық конструкцияларды орналастыру үшін төленетін ақы сұрақтары қарастырылды.

Басқарма басшысының орынбасары ғимараттарды реконструкциялау бойынша барлық жұмыстар құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ Астананың жаңа Дизайн-кодының талаптарын, оның ішінде қасбеттерді безендіруге, түстер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды ескеру қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар, тұрғындардың бірі жарнамалық ақпаратты орналастыру үшін төленетін ақыға қатысты сұрақпен жүгінді.

 Ашық кеңістікте тауарлар, бағалар, жеңілдіктер, акциялар, арнайы ұсыныстар туралы жарнамалық ақпаратты қамтитын және тауарларды немесе қызметтерді өткізуге ықпал ететін баннерлерді, лайтбокстарды, LED-экрандарды және өзге де жарнамалық конструкцияларды орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының сыртқы (көрнекі) жарнама саласындағы заңнама талаптарын, оның ішінде оны орналастырғаны үшін белгіленген төлемді енгізу жөніндегі талаптарды басшылыққа алу қажет.

Жарнамалық конструкцияларды орналастыру үшін төлемақы туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінде (Салық кодексі) көрсетілген.

https://prg.kz/document/?doc_id=36148637&pos=19058;304

Жарнамалық конструкцияларға қатысты мәселелер бойынша толық ақпарат алу үшін Астана қаласының Урбанистика орталығына жүгінуге болады. Мекенжай: Мәмбетов к. 24