Астананың Дизайн-коды бекітілді

Астананың Дизайн-коды бекітілді

2026 жылғы 25 тамызда Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен елорданың Дизайн-коды бекітілді.

Дизайн-код – елді мекендердің үйлесімді және стилистикалық бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыруға, оның ішінде абаттандыру элементтерін, ақпараттық және жарнамалық конструкцияларды, шағын сәулет нысандарын, стационарлық емес объектілерді, сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтану үшін пайдаланылатын стационарлық емес сауда объектілерін, көгалдандыруды, жарықтандыруды, қасбеттерді құрылыс жүргізілетін ауданның ерекшеліктерін ескере отырып қоршауларын орналастыруға бағытталған талаптар мен ережелердің жиынтығы.

Дизайн-кодтың негізгі компоненттері – үйлесімді сыртқы келбет және  сәулеттік стильдің, түстік шешімнің, қабаттылықтың, белгілі бір тұтастықтың визуалды әсерін қалыптастыратын әрлеу материалдарының,  композициялық біртұтастықтың және құрылыс объектілерінің аяқталғандығының біртұтастығы.

Осылайша, елорда аумағын ұйымдастыру, қала құрылысы тұрғысынан жоспарлау, дамыту және салу бірыңғай сәулеттік келбетке қойылатын талаптар мен Дизайн-кодты ескере отырып жүзеге асырылады.

Дизайн-код 2026 жылғы 11 қыркүйекте қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы объектілер (субъектілер) үшін 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін өту кезеңі қарастырылған.