Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов «Жанұя» отбасын қолдау орталығында жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау барысында жер учаскелерін қолдану мәселесі қаралды. Басқарма басшысының орынбасары ҚР Жер кодексінің 109 бабына сәйкес жер учаскелері Бас жоспарға және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес пайдаланылатынын түсіндірді.

Егер жер учаскесінің нысаналы мақсаты кешенді нысанның құрылысын қарастырса, онда аталған жер учаскесіне жеке тұрғын үйлерді салуға жол берілмейді. Сол сияқты, жер учаскесінің нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй салуға арналса, оған кешенді нысан тұрғызылмайды. Бұл ретте мұндай нысандарды салу үшін қала құрылысы құжаттамасы әртүрлі тәртіппен әзірленетіні де ескеріледі.

Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де жеке қабылдайды.

Еске саламыз, қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.