
Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайынғы азамттарды қабылдау өткізді.
Қабылдауда жеке тұрғын үй салынған жер учаскелерін заңдастыру, бөлу, сондай-ақ объектілерді салу мәселелері қаралды.
Басқарма басшысы біртұтас эскиздік жоба келісілген жағдайда, салынған тұрғын үйлердің санына қарамастан, пайдалануға қабылдау туралы тек бір акт берілетінін атап өтті. Жер учаскелерін бөлу нысан пайдалануға берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Әрі қарай әрбір нысанды жеке тіркеу қажет.
Сондай-ақ азаматтар тұрғын үй орналасқан жер учаскесін заңдастыру мәселесі бойынша жүгінді. Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов жер учаскесін жалдау шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жер учаскелері ЖМБМК (ЕГКН) жүйесі арқылы бастапқы беру тәртібімен қайта рәсімделетінін түсіндірді. Бұл ретте шешімді электрондық жүйе қабылдайды. ЖМБМК (ЕГКН) жүйесі арқылы өтініш беру үшін нысанды пайдалануға бері актісін және жер учаскесін жалдау шартын қоса ұсыну қажет (мерзімі өткен келісімшарт). Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 30 жұмыс күні.
Нысан пайдалануға берілген жағдайда, жер учаскесін жалдау құқығын ұзартпастан, оны жеке меншікке рәсімдеуге болады.
Басқарма басшысының қабылдауына алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады. Қабылдау әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізіледі.