Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында реконструкция бойынша мәселе қаралды. Аталған қызметке өтініш мемлекеттік қала құрылысы кадастр сайты арқылы жіберіледі (https://aisggk.kz/).

Өтінішке қоса келесі құжаттар беріледі:

  • нысанға құқық белгілейтін құжаттар
  • техникалық жоба

«Реконструкция мақсаты үшін бастапқы деректерді ұсыну» мемлекеттік қызметін қарастыру – 15 жұмыс күні.

Басқарма басшысының орынбасары қаланың біріңғай сәулеттік келбетін сақтау мақсатында жаңа тұрғын кешендерінде пәтерлерді қайта жабдықтау арқылы жеке кіретін есік орналастыруға болмайтынын түсіндірді, сондай ақ «Азаматтық, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу» ҚНжЕ сәйкес, жекелеген пәтерлерді қайта жаңартуды, күрделі жөндеуді және қайта жоспарлауды жобалау кезінде:

- жаңа балкондар мен лоджияларды салу және қолданыстағыларын кеңейту, оларды әйнектеу;

- жаңа терезе ойықтарын орнату және қолданыстағы терезе және балкон ойықтарын кеңейту;

- терезе жақтаулары мен балкон есіктерінің пішіндері мен түстерінің өзгеруі тыйым салынады.

Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де қабылдайды.

Қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.