
Бүгін Астана қаласындағы екі мекенжай бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Біржан сал, Қарасай батыр, Бұланды, Конституция көшелерінің қиылысы ауданындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша
ЕТЖЖ шекарасындағы аумақтың жалпы ауданы – 16,70 га.
Белгіленген аумақта көп қабатты тұрғын үйлер, 220 орындық балабақша және студенттерге арналған 235 орындық жатақхана құрылысы қарастырылған. Сондай-ақ, әкімшілік ғимараттар, паркингі бар бизнес-орталық, сауда және халыққа күнделікті қызмет көрсету объектілері де жоспарланған.
Сонымен қатар, балалардың ойын, спорт алаңдары және демалыс аймақтары да қарастырылған. ЕТЖЖ әзірлеуші жауапты ұйымның айтуынша, жалпы аумақтың шамамен 28,0%-ын көгалдандыру алмақ.
Сонымен қатар, бүгінгі қоғамдық талқылауда көпқабатты тұрғын үй құрылысы жобасы қаралды. Аталған жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлеріне арналған «Қолжетімді баспана» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Аумақтың жалпы ауданы – 0,56 га;
Пәтер саны – 106;
Көгалдандырылатын аумақтың үлесі – 30%.
Аталған аумақта келесі нысандар қарастырылған:
Алдын ала дауыс беру нәтижелері бойынша екі жоба да қоғамдық талқылауға қатысушылардың қолдауына ие болды.
Қоғамдық талқылаудың қорытындысы екі жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделіп, Басқарманың ресми сайтында жарияланады.