
Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау барысында пәтерді реконструкциялау, гаражды заңдастыру, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жаңа нысандарды салу мүмкіндігін нақтылау, сондай-ақ тұрғын үй кешенінің аумағын абаттандыру мәселелері қаралды.
Пәтерді нысаналы мақсатын өзгерте отырып реконструкциялау үшін осы тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелерінің 2/3 бөлігінің келісімін алу қажет.
Басқарма басшысының орынбасары сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының не екенін және қандай жағдайларда оны әзірлеу талап етілетінін түсіндірді.
Сонымен қатар, жеке қабылдау барысында қаладағы абаттандыру іс-шараларын іске асыру мерзімдеріне жауапкершілік тиісті жобаның әкімшісіне жүктелетіні атап өтілді.
Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де қабылдайды.
Қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.