Онлайн талқылау

Онлайн талқылау

Астана қаласының әкімдігі «Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 326/41-VI «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттырудың (азайтудың) пайыздары туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» Астана қаласы мәслихаты шешімінің жобасының «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.

Шешім жобасы Астана қаласының нормативтік құқықтық базасын Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық және жер заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Жоба Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 326/41-VI шешімінің күшін жою қажеттілігіне байланысты әзірленді, өйткені салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлудің жаңартылған схемасын және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттырудың (азайтудың) пайыздарын бекітетін Астана қаласы мәслихатының жаңа шешімі қабылданады.

Жобаны қабылдау нормативтік құқықтық реттеудің қайталануын болдырмауға, қолданыстағы нормативтік құқықтық актіні қолдануды қамтамасыз етуге және оны қолдану барысында құқықтық қайшылықтардың туындауына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Астана қаласының әкімдігі барлық мүдделі тұлғаларды аталған жобаны жария талқылауға қатысуға шақырады.

Жобамен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15885729