
Астана қаласының әкімдігі «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттырудың (азайтудың) пайыздары туралы» Астана қаласы мәслихаты шешімінің жобасының «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Шешім жобасы Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Сонымен қатар, жоба қолданыстағы ресми мәліметтерге сәйкес Астана қаласының жекелеген көшелерінің, даңғылдарының және мекенжай тіркелімінің өзге де элементтерінің атауларын өзектендіруді көздейді.
Бұл ретте бағалық аймақтардың шекаралары, олардың конфигурациясы, сондай-ақ жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттырудың (азайтудың) пайыздық мөлшерлері өзгеріссіз қалады.
Осыған байланысты Астана қаласының әкімдігі барлық мүдделі тұлғаларды аталған жобаны жария талқылауға қатысуға шақырады. Жобамен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15885752.