Қоғамдық кеңес отырысында мәслихат шешімдерінің жобалары қаралды

Қоғамдық кеңес отырысында мәслихат шешімдерінің жобалары қаралды

Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов Астана қаласының Қоғамдық кеңес отырысына қатысты.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарауына және келісуіне келесі шешімдердің жобалары енгізілді:

«Астана қаласы мәслихатының «Салық салу мақсаттары үшін жерді аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары туралы» «Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 326/41-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы»;

«Салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттырудың (азайтудың) пайыздары туралы».

Шешім жобалары ҚР жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне, сондай-ақ жекелеген көшелер мен қалалық инфрақұрылымның басқа да элементтері атауларының өзектендірілуіне байланысты әзірленді. Оларды қабылдау Астана қаласы мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістер тек техникалық және құқықтық сипатта екені, сондай-ақ жер салығының мөлшерлемелері мен оны есептеу тәртібіне қатысты өзгерістерді көздемейтіні атап өтілді.