
Басқармада Қоянды алқабындағы саяжай жер учаскелерінің иелерімен кеңес өттті.
Кездесуде жергілікті атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, Астана қаласының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ бағбандық серіктестердің өкілдері қатысты.
Жиын барысында Қоянды алқабында орналасқан жер уческелерін ретке келтіру мәселелері қарастырылды.
Бағбандық серіктестер төрағаларының айтуынша, қазіргі уақытта ұзақ уақыт бойы иелері қараусыз қалдырған, сондай-ақ, қажетті құқық белгілейтін құжаттарынсыз пайдаланылып жүрген жер учаскелері бар. Сонымен қатар, ЖМБМК (ЕГКН) деректер базасымен сәйкестендіру үшін шекараларын нақтылау қажет болатын жер учаскелері де анықталған.
Басқарма басшысы, бағбандық мақсаттағы жер учаскелерінде тұрғын үй салуға рұқсат берілмейтінін атап өтті. Бұл жерлерде тек уақытша немесе маусымдық құрылыстарды салуға болады.
Кездесудің нәтижесі бойынша Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов жер учаскелеріне мониторинг жүргізіп, оларды одан әрі жерге орналастыру құжаттамасына сәйкес келтіру қажеттігін атап өтті.
Жиынға қатысушылар аталған мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде тиісті жұмыстарды ұйымдастыруға дайын екендіктерін жеткізді.