
Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда дендрологиялық жоспар, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту және жалдау мерзімін ұзартуға қатысты мәселелер қаралды.
Мемлекет тарапынан жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) мақсаттары үшін жеке тұлғаларға тегін жер учаскелерін беру 10 сотыққа дейін, ал жеке қосалқы шаруашылықты (ЖҚШ) жүргізу үшін 25 сотыққа дейін қарастырылған.
Басқарма басшысы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту үшін жалдау шартының қолданыста болуы қажет екенін түсіндірді.
Аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні.
Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылуы тиіс:
• жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты;
• жер учаскесін жалдау шартының көшірмесі.
Жалдау шартының мерзімі өтіп кеткен жағдайда жер учаскесі Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЕГКН) арқылы бастапқы беру тәртібімен рәсімделеді.
Аталған қызметті көрсету мерзімі – 30 күнтізбелік күн.
Басқарма басшысының қабылдауына алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады.
Қабылдау әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізіледі.