
Бүгін, 26 маусым – Халықаралық есірткіге тәуелділікпен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні.
Аталмыш дата 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілді. Бұл – есірткіге тәуелділіктен азат халықаралық қоғам құру мақсатында ынтымақтастық пен бірлескен күш-жігерді арттыруға бағытталған қадам.
Қазіргі таңда нашақорлық – адам денсаулығына, өміріне және айналасындағы жандарға үлкен қауіп төндіретін қатерлі құбылыс. Әсіресе, жастар арасында түрлі қиындықтар мен өмірлік мәселелерден арылу үшін теріс жолға түсіп кету жағдайлары жиі кездеседі. Ал бұл шырмаудан шығу кейде мүмкін болмай қалады.
Сондықтан, бір сәттік әлсіздік бүкіл өміріңіздің шырқын бұзбасын десеңіз – есірткінің зардабы мен салдары әрдайым есіңізде болсын!