Мемлекеттік қызметшілер күніне орай марапаттау

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай марапаттау

Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай Басқарманың жас мамандарының ата-аналарына алғыс хат табыстады.

Алғыс хатта: «Мемлекеттік қызмет – ел игілігі жолындағы жауапты әрі мәртебелі еңбек. Осындай абыройлы қызметті адал атқарып жүрген азаматты тәрбиелеп өсіргендеріңіз үшін Сіздерге зор алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің берген тәлім-тәрбиелеріңіз, адамгершілік пен еңбекқорлыққа баулығандарыңыз балаларыңыздың елге қызмет етуіне берік негіз болды. Оның мемлекеттік қызметтегі жетістіктері – ең алдымен отбасы тәрбиесінің жемісі» деп атап өтілді. Сондай-ақ, ата-аналарға жылы лебіз білдірілді.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби шеберліктеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыз арқылы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!