Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕТЖЖ) түзетулер енгізу, жер учаскелерін заңдастыру және өзге де мәселелер жеке қабылдауда қаралды

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕТЖЖ) түзетулер енгізу, жер учаскелерін заңдастыру және өзге де мәселелер жеке қабылдауда қаралды

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕТЖЖ) түзетулер енгізу, жер учаскелерін заңдастыру және өзге де мәселелер Басқарма басшысы Алтынбек Ахметовтың кезекті апталық жеке қабылдауында қаралды.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына түзетулер енгізудің негізгі шарттарының бірі қоғамдық талқылаулар өткізу және қала құрылысы сараптамасынан өту болып табылады. Тек осы рәсімдерден өткеннен кейін ғана ЕТЖЖ өзгерістер енгізуге болады. Сонымен қатар, ЕТЖЖ түзету енгізу жекелеген жер учаскелеріне емес, ауданы кемінде 10 гектар аумақта жүзеге асырылады. Бұл рәсім белгілі бір уақытты талап етеді.

Сондай-ақ, апта сайынғы қабылдауда Қоянды тұрғын алабындағы саяжай жер учаскелеріне қатысты мәселелер қаралды. Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі уақытта тұрғындар жер учаскелерін заңдастыру кезінде қиындықтарға тап болуда. Бұған бастапқы кезеңде құқық белгілейтін құжаттардың заң талаптарын бұза отырып рәсімделуі себеп болған. Алтынбек Ахметов жер учаскесінің координаттарын өзгерту үшін заңды негіз қажет екенін атап өтті. Мұндай шешімдерді бірі сот шешімі болуы мүмкін.

Басқарма басшысының қабылдауына алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады. Қабылдау әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізіледі.