
Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов азаматтарды апта сайынғы жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғын емес үй-жайға жеке кіреберіс орнату, жарнамалық маңдайшаны келісу, сондай-ақ жеке тұрған ғимаратта көлік жуу орнын орналастыру мәселелері қаралды.
Басқарма басшысының орынбасары жеке кіреберісті ұйымдастыру кезінде ең алдымен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін нысанның қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, 10 жуу бекетіне дейінгі көлік жуу орнын орналастыру кезінде тұрғын үйлердің терезелеріне дейінгі арақашықтық кемінде 25 метр болуы тиіс екені түсіндірілді. Ал жуу бекеттерінің саны 10-нан асқан жағдайда, көрсетілген арақашықтық қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес ұлғайтылуы тиіс.
Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де жеке қабылдайды.
Еске саламыз, қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.