Ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту туралы меморандумға қол қою

Ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту туралы меморандумға қол қою

«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ ЖШС-де Қазақстан құрылысшылар одағының өкілдерімен «Корпоративтік тұрақтылық және бизнес этикасы» тақырыбында бизнес-кездесу өтті.

Дәрісті профессор, ҚР Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Лейла Асылбекова өткізді.

Кездесу барысында «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ мен “Қазақстан құрылысшылар одағы” РЗТБ одан әрі ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту туралы меморандумға қол қойды. «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ атынан меморандумға Институттың әкімшілік-басқару аппаратының басқарушы директоры Асхат Жаңғозин қол қойды.

Қазақстан Құрылысшылар одағының президенті Бақытжан Ақан бұл ынтымақтастық Астананың дамуы туралы өзекті ақпараттан хабардар болып, құрылыс компанияларының заман талабына сай қызмет етуіне ықпал ететінін атап өтті. Өз кезегінде «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ бас директоры Руслан Жақыпов Институттың тәжірибесі мен білімімен әрдайым бөлісуге ашық екенін жеткізді.

Тренинг барысында квазимемлекеттік ұйымдар қызметкерлеріне іскерлік әдеп нормалары мен қызметтік мінез-құлық қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған аспектілер қызметкерлердің кәсібилігімен қатар, жалпы ұйым туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуына да әсер етеді. Сондай-ақ, қатысушылар психология ғылымы және оның тұлғааралық қарым-қатынастарды дамытуға, тиімді өзара әрекеттестік пен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға тигізер әсері туралы үлкен қызығушылықпен тыңдады.